Конькимен жүгіруші Денис Кузин жүлдесіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конькимен жүгіруші Денис Кузин жүлдесіз қалды

15.02.2014
Конькимен жүгіруші Денис Кузин жүлдесіз қалды
  Конькимен жүгіруші Денис Кузин Сочи Олимпиадасында 1500 метрлік қашықтықты 9-шы орында аяқтады. Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 минут 45,69 секундта өтті. Ол жарыс жеңімпазы польшалық Збигнув Брудкадан 0,69 секунд қана қалып қойды. Брудка мәреге голландиялық Кун Вервейден 0,003 секунд ерте келді.
 
Осы қашықтықта жүгірген Дмитрий Бабенко 30-шы, Александр Жигин 34-ші және Федор Мезенцев 35-ші орынды иеленді.
 
Конькимен жүгіру. 1500 метр. Ерлер. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
 
1. Збигнев Брудка (Польша)                  1:45.006
2. Кун Вервей (Голландия)                     +0,003
3. Денни Моррисон (Канада)                  +0.22
 
9. Денис Кузин (Қазақстан)                  +0.69
30. Дмитрий Бабенко (Қазақстан)       +3.67
34. Александр Жигин (Қазақстан)       +4.48
35. Федор Мезенцев (Қазақстан)         +4.70

Хабарламаларға жазылу