Басты Жаңалықтар Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жасақталды

Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жасақталды

Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жасақталды. Депутаттар мен ғылыми институттар сан саланы қамтитын құжатты келесі жылдың соңына дейін дайындайды. Қолданыстағы заңда лингвистикалық қате көп. Бір ғана мысал. 1075-бап. «Бас тартушы өсиет бас тартуынан бас тартуға құқылы». Мағынасы түсініксіз, қайта жазылуы тиіс осы секілді ондаған норма бар, дейді жұмыс тобындағы лингвистер. Жаңа Азаматтық қодексті әзірлеуді Мемлекет басшысы Жолдауда тапсырған еді. Басты назар азаматтардың мүддесін қорғап, заң мен тәртіп қағидатын сақтауда болады.

Үнзила Шапақ, ҚР Құрылтайының депутаты:

Ғалымдар өздерінің пікірін беріп жатыр. Бір университет 70  бетке дейін берді. Біреуі 100-ден астам бетке толтырып, өз пікірін білдірді. Әртүрлі қателік, реттеудегі кездесетін олқылықтар – осының барлығы ескеріледі.

Бөлісу