Басты Жаңалықтар Құрылтай депутаты: Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді

Құрылтай депутаты: Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді

Қазақстанда Конституциялық Соттың қайта құрылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүмкіндігін кеңейтті. Осы уақытқа дейін сотқа 18 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 99 пайызы азаматтардан. Бұл халықтың өз конституциялық құқықтарын қорғауға белсенді араласа бастағанын көрсетеді. Құрылтай депутаты Мәди Мырзағараев осындай пікір білдірді.

Мәди Мырзағараев, ҚР Құрылтай депутаты, заңгер:

Конституциялық соттың өзі 500-ге жуық қаулы қабылдаған, оның 91-і нормативтік қаулылар. Осы арқылы біздің күнделікті қолданыстағы заңдарымыз, кейбір заң нормалары қазіргі жаңа Ата заңымызға сәйкестендірілуде. Яғни біз Ата заңыздағы қалыптасқан құндылықтарды қолдану арқылы өмір сүру салтын қалыптастырып жатырмыз.

Бөлісу