Халықтың депозиттегі ақшасы ₸30 трлн-нан асты
Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы 30 триллион теңгеден асты. Салымшылардың жинағы бір жылда 16 пайызға өскен. Оның ішінде теңгедегі салымдар 22,8%-ға көбейген. Ал шетел валютасындағы жинақ керісінше 8%-ға азайыпты. Ұлттық валютадағы салымдардың ішінде қысқа мерзімді депозиттер басым. Олардың көлемі бір жылда 38,6%-ға өсіп, 14,04 трлн теңгеге жеткен. Ал ұзақ мерзімді депозиттер 8,1%-ға ғана артқан. Ол жағынан «Отбасы банк» көш бастап тұр. Бір жылда банктегі мұндай депозиттер 32,7%-ға өсіп, 3,38 трлн теңгеге жетті. Бұған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ықпалы зор. Азаматтар баспана алуға алдын ала қаражат жинап, кейін жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй рәсімдей алады. Бұған қоса, мемлекет жыл сайын жинақ сомасының 20 пайызы мөлшерінде сыйлықақы береді. Осылайша ел тұрғындары ақшасын шетел валютасынан гөрі теңгеде сақтауға көбірек басымдық беріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы