Шаңғымен тұғырдан секіруден Польша спортшысы топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғымен тұғырдан секіруден Польша спортшысы топ жарды

10.02.2014
Шаңғымен тұғырдан секіруден Польша спортшысы топ жарды
Сочи Олимпиадасында ерлер арасынан шаңғымен тұғырдан секіру бәсекесінде «алтын» жүлдені  польшалық Камио Стох жеңіп алды. Оның көрсеткіші – 278 ұпай. Бұған дейін спортшы 2013 жылғы Әлем чемпионатында топ жарған болатын.
 
Екінші орынды словениялық Петер Првец (265,3), үшінші орынды норвегиялық Андрес Бардаль (264,1) місе тұтты.

Хабарламаларға жазылу