Басты Жаңалықтар XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін XXIV  Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Бұл шараны тамашалауға Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Көптен күткен дүбірлі бәсекенің ашылуын сағат 17.55-те «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Сондай-ақ, бүгін Ақ Олимпиадада екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден ресми жаттығуын бастайды. Олар - Сергей Ткаченко мен Даниил Васильев. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы 2 сағат. 

Бөлісу