Басты Жаңалықтар Республика күніне орай 5 мыңға жуық ту ілінеді

Республика күніне орай 5 мыңға жуық ту ілінеді

Елде Республика күніне орай 5 мыңға жуық ту ілінеді. «Әділет» партиясы «Менің елім – менің туым» акциясына кірісті. 25 қазанға дейін жалғасатын іс-шараға мыңнан астам белсенді жас, спортшы, кәсіпкер қатысып жатыр. Алматыда акция «Медеу» мұз айдынында басталды. Мұнда 500-ге жуық адам Мемлекеттік туды желбіретіп, әнұран орындады. Ал Астанада ту Республика даңғылының бойындағы тұрғын үйлерге ілінді.

Айдар Күнтубай, «Жастар Рухы» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы:

Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімді ояту. Бүгінгі іс-шарамызға 500  жас жұмылдырылды. Жастардың арасында осындай идеологиялық жұмыстарымызды біз әрқашан насихаттауымыз керек.

Бөлісу