Ресейде маймыл шешегі тіркелді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында маймыл шешегі тіркелді. Инфекция анықталған бес адам ауруханаға жатқызылды. Мамандар қалада санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталуда. Ал ауру жұқтырғандардың жағдайы жеңіл және орташа ауыр деп бағаланған. Мамандар вирусты қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретін арнайы тест-жүйелерді қолданбақ. Маймыл шешегінің алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бұлшық еттердің сырқырауы және әлсіздік. Кей жағдайларда адам өліміне әкелуі мүмкін.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15