Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі дағдарысқа байланысты министрлермен кездесу өткізіп, халыққа телевизиялық үндеу жолдады. Үндеуінде Элисей сарайының қожайыны вандализм мен тонаушылық әрекеттерін қатаң сынап, тергеуге тапсырма берді. Тағы бір сөзінде Макрон префекттер мен мэрлердің қажет болған жағдай жиналыстарға тыйым салу өкілеттігіне ие болатынын да атап өтті.

Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы айтарлықтай түсті. Соңғы мәліметке қарағанда, оның Brent маркасының баррелі бірден 2 пайызға арзандап, 107 доллар 57 центке сатылып жатыр. Көмірсутегі құнының төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкциялар мен тарифтерді жеңілдетуге және доғаруы себеп.

Кенияда эбола вирусын жұқтырудың жаңа 5 дерегі тіркелді. Осылайша мұнда қауіпті індетке шалдыққандар саны 8-ге жетіп отыр. Олардың үшеуі - эболамен ауырған науқастарға қызмет көрсеткен медицина мамандары. Кенияға эбола Конго демократиялық республикасынан жеткен. Соңғысында жұқтырғандар 9 мыңнан асып, 4 мыңдайы қайтыс болды. Айта кетсек, әзірге бұл вирусқа қарсы екпе ойлап табылған жоқ.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бүгін Самарқандта Орталық Азия республикаларының сыртқы істер министрлерімен жүздесті. Кездесуде ол Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан бас дипломаттарымен сауда, инвестиция, аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Рубионың ойынша, Орталық Азия бүгінде инвестиция мен экспорт үшін маңызды бағытқа айналып келеді.

Бөлісу