Alem Сloud - Орталық Азиядағы ең қуатты есептеуші құрал
Елімізде құрастырылған Alem Cloud суперкомпьютері Орталық Азиядағы ең қуатты есептеуші жүйе.
Құрылымында NVIDIA H200 графикалық үдеткіштері бар құрылғының жылдамдығы жоғары. Тағы бір артықшылығы интернетсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық тілде ақпарат алуға болады. Суперкомпьютер ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа цифрлық өнімдер жасап , экономиканың түрлі саласындағы жұмысты жеңілдетуге көмектеседі. Жоғары есептеу қуаты бар жүйені отандық стартаптар мен IT-компаниялар да пайдалана алады.
Алмас Сауданбай:
Өткен жылдың қарашасында өткен ЛИМПАК тестілеуінің нәтижесі бойынша біздің суперкомпьютер 20,48 көрсеткішімен 86-орынға ие болды. Бұл - дүниежүзі бойынша аса қуатты суперкомпьютер. Бұл өте жоғары көрсеткіш деп ойлаймын. Alem Cloud сияқты аса қуатты инфрақұрылымның бары қазақ тіліндегі ЖИ модельдерін жетілдіруге өте көп мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы