Ұлттық өнер мен заманауи технология тоғысқан көрме
Ақтөбенің өнері – елорда төрінде! Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған Aqtobe Creative Days көрме-жәрмеңкесі өтті. Өңірден келген жүзден аса креатор 30-ға жуық бағыт бойынша шығармашылық туындыларын, IT жобалары мен аймақтағы брендтерін таныстырды.
Көрмеге әшекейлер, тері мен жүннен жасалған кәдесыйлар, сондай-ақ киіз үй жабдықтары қойылған. 2 күнде 9500 тұтынушы өзіне керегін тауып, 24 млн теңгеге жуық ақшасын жұмсапты. Мұнда қолөнер бұйымдарымен қатар жас өнертапқыштар құрастырған заманауи құрылғылар да таныстырылды.
Әлімжан Сұлтанбек, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының студенті:
Бүгін біз курсанттардың жобаларын алып келдік. Ұшқышсыз ұшу аппараттары. Жобалар көбелек қатынауы қиын елді мекендерге дәрі-дәрмек, пошта хаттарын жеткізуге арналған. Жалын - өздігінен іске қосылатын өрт сөндіру капсулалары бар өрт сөндіргіш ұшақ.
«Aqtоbe Creative days» көрме-жәрмеңкесі өтті
Келушілер дайын тауарды сатып алып қана қоймай оның жасалу жолын үйренуге де мүмкіндік алды.
Қалимаш Кәрімбердиева, шебер:
Мен кішкентай кезімнен бастап осындай ағаш үйдің жабдықтарын тоқимын. Қазіргі уақытта соны дамытқым келеді. Мұны меңгеру үшін әуел баста құру керек. Бірден оюға түсе алмайсың, мына қақпаларға түсесің. Құр тоқу. Содан кейін оюға түсеміз.
Мерей Мұсақызы, тілші:
Мұнда шеберлермен қатар коллекционерлер де өз топтамасын ұсынып жатыр. Арасында ең ерекшесі осы оймақтар. Мейрамгүл ханым оны қанша уақыт жинадыңыз?
Мейрамгүл Таубатырова, коллекционер, шебер:
6 жылдай болып қалды. 200-дей оймағым бар. Ең ерекше оймағым. Ол біздің көшпенді елімізден келе жатқан шебер әжелеріміз пайдаланған. Көшіп-қонып жүргенде жоғалтып алмас үшін осылай оймақты бауымен іліп алған.
Әр оймақта өзінің тарихы бар. Мынау Жапониядан келген. Жібек жібімен кестеленген. Ал мынау Татарстаннан, себебі ол шеберлер етік тігеді. Сол символмен шығарған.
Отандық тауар өндіруші кәсіпкерлерді мемлекет те үздіксіз қолдап келеді.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
Мемлекет басшысы осы саланы креативті индустрияны дамытуды уақыт талабы деп атап өтті. Жан-жақты қолдау көрсету үшін әрине ең бастысы осы салаға қаржыландыру мәселесін, мәдени туризм жақсы дамып келе жатыр.
Көрмеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлер де ұсынылған. Олардың қатарында атасы сыйға тартқан, музыкаға қызығушылығын оятқан домбырасы мен Алматыда өткен алғашқы концертіне арнайы тігілген сахналық костюмі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы