Басты Жаңалықтар Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі

Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі

Астанада «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Сайыстың мақсаты - мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, кәсіпкерлерді жарнаманы сауатты жазуға үндеу. Биыл 50-ге жуық қатысушыдан мыңға жуық қазақ тілінде жазылған жарнамалардың фото, бейнежазбалары келіп түскен. Қазылар алқасы үздіктерін анықтады. Қостанайлық Таңшолпан Серікбай - қатысушылардың бірі. Кез келген дүниеге қазақ тілінде мәтінді қашап жазуды кәсіп еткен ол жарнаманы да тек мемлекеттік тілде жасайды. Бизнес өкілі байқаудың алғашқы екі кезеңінен сәтті өтіп, бүгін 100 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығына ие болды.

Таңшолпан Серікбай, кәсіпкер:

Тапсырыстарды жасау барысында қазақ тілінің орфография, орфоэпиясына үлкен көңіл бөлеміз. Ең алғаш біз бастаған кезде мемлекеттен 5 миллион грант ұтып, бастаған болатынбыз. Біз барлық өнімге есім жазамыз, шежіре тақтайшаларын істейміз.

Бөлісу