Басты Жаңалықтар Ұстаздық еткен жалықпас

Ұстаздық еткен жалықпас

Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсаринның өзі іргесін  қалаған Қостанайдағы білім ордасы  әлі күнге дейін шәкірт тәрбиелеп, талай буынды түлетіп келеді. 1884 жылы ашылған мектепке бүгінде ағартушының есімі берілген. Мұнда 360-тан аса бала сапалы білім алады. Мектеп шәкірттері халықаралық олимпиадалар мен түрлі білім додаларында топ жарып жүр. Осы қарашаңырақта еңбек ететін Ботагөз Байтас 35 жылын ұстаздыққа арнаған жан. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ұзақ жылғы еңбегі мен ұстаздық жолдағы жетістігі еленіп, биыл Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалін алды.

Ботагөз Байтас, мұғалім:

Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі. Ы.Алтынсарин салған мектеп дарынды балаларға арналған. Әр бала дарынды, мұғалім сондықтан көздегі оттарын жағуға тырысу керек. Балалар алға ұмтылады.

Бөлісу