Басты Жаңалықтар Көліктің жеңіл жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылады

Көліктің жеңіл жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылады

Британдық The World Financial Review басылымы Қазақстанның шикізаттан тыс салалардағы инвестициялық әлеуеті туралы көлемді мақала жариялады. Онда өңдеу өнеркәсібі ел экономикасының жаңа тірегіне айналып келе жатқаны жазылған. Соңғы жеті жылда елімізде 800 мыңға жуық көлік шығарылып, бірнеше ірі жоба іске қосылды. Әсіресе автомобиль өндірісінде Қостанай облысының үлесі басым – елде құрастырылатын көліктің 60 пайыздан астамы осы өңірден шығады. Соңғы жылдары мұнда бірнеше жаңа кәсіпорындар бой көтеріп,  3 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.

Айжан Аппазова, Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық даму басқармасы бөлімінің бас маманы:

Бүгінгі таңда машина жасау саласы облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымында шамамен 50%-ды құрайды. Жақында жеңіл автомобильдерге арналған автокомпоненттер өндіретін зауыт іске қосылады. Ал осы ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау саласында жалпы 747,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Бөлісу