Қостанай облысында соңғы үш жылда елудей спорт нысаны салынған
Қостанай облысында соңғы үш жылда 50-ге жуық жаңа спорт нысаны ел игілігіне берілді. Қазір тағы жеті жоба жүзеге асып жатыр. Әсіресе құрылыс Арқалық қаласында қарқынды. Мұнда қазір бірден 3 нысан бой көтермек. Ал былтыр дарынды балаларға арналған спорт интернаты ашылды. Бұл – облыстағы осы бағытта білім беретін жалғыз оқу орны. Мұнда жүзден астам бала оқумен қатар бокс пен күрес үйірмесіне барп, кәсіби даярлықтан өтеді. Ұзақ жыл бос тұрған бұрынғы кинотеатр да жаңартылып, «Қазақстан» спорт кешеніне айналды.
Сара Тұрғанова, Арқалық қаласының тұрғыны:
Бұрынғы залымыз бұдан шағын, тар болатын. Сол жағы көп ыңғайсыздық тудыратын. Қазіргі залымыз кең, жарық, жайлы. Спорттық шеберлікті шыңдауға барлық мүмкіндік бар.
Қалада бұл сала бойынша барлығы 115 нысаны бар. Жастардың дені дзюдо, қазақ күресі, бокс және ауыр атлетикамен айналысады. Ал жалпы облыста 1400-ден астам спорт нысаны жұмыс істейді. 3 жылдың ішінде 16 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 хоккей корты және 28 спорт алаңы салынды.
Айтжан Мәліков, Арқалық қалалық спорт бөлімінің басшысы:
Бүгін Арқалық қаласында барлығы 17 мың адам, ол қала халықының 45 процентін құрайды спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Халықтың талабы қанағаттандырылып жатыр. Қажетті спорттық құрал жабықтар, спорттық нысандар салынып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы