Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
Алматыда екі жылдан кейін ашылатын Almaty SuperSki тау-шаңғы курортында мектеп оқушылары дене шынықтыру сабағын өтеді. Әр оқушы маусымына 10 күнге дейін кәсіби жаттықтырушылармен шаңғы тебуді тегін үйренеді. Бұл бастама Алматы әкімдігінің қолдауымен жүзеге аспақшы. Сондай-ақ, курорт аумағында оқушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік жасалмақ. Жоба аясында туризм саласына қажетті жаңа мамандықтар ашылып, мемлекеттік гранттар санын арттыру көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, Almaty SuperSki жылына ел экономикасына 1 миллиард долларға дейін пайда әкеледі, бас-аяғы 5 мың жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, жоба туризммен қатар, басқа да салалардың дамуына серпін бермек.
Еркебұлан Бейбітұлы, қалалық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы:
Білім министрлігімен бірге туристік бағыттағы мамандықтарға гранттар бөлгізіп жатырмыз. Яғни, егер жаңадан кәсіптер пайда болатын болса, жаңа кәсіпорындар пайда болатын болса, мамандардың дайындалуына жол ашудамыз. Алдағы уақытта егер туристік бағытта жаңа сала пайда болатын болса, біз мамандарды дайындап соған дайын отыруымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы