Еңбекпен өрілген кәсіп
Шаштараз – еңбек нарығында өзектілігін жоғалтпайтын мамандықтардың бірі.
Ежелден келе жатқан кәсіпті нәсіп етіп жүргендердің бірі – Петропавл қаласының
тұрғыны – Қасым Амангелдин. Түстіктен
теріскейге қоныс аударған азамат 2018-ші жылы шаштараз болып жұмысқа орналасады.
Ізденіс пен еңбектің арқасында қаладағы ең жоғары сұранысқа ие маманға
айналған. Ал қазір бірнеше барбершоп ашып, халыққа қызмет көрсетіп жүр.
Қасым Амангелдин, шаштараз:
2018-ші жылы осы Петропавл қаласына бір пакетпен келген болатынмын. Енді көріп
тұрғандарыңыздай, бірнеше салон аштым. Мынау қазіргі таңда үшінші точкамыз,
біздің. 5-ші класста анам үйреткен болатын, шаш алуды. Қолыма қайшы, тарақ
ұстатуды. Клиентпен жұмыс жасауды, ауылда сол. 9 квдрат па, сондай бір
помещениені мамам арендовать ететін. Жалғыз шаштарыз сол жерде. Мен қасында
көмектесіп жүремін.
Суретшілік қасиет керек, творчество дейді ғой, адамның бір өзіңнің
жұмысыңды жақсы көру керек.
Баламызды осы әкем тәрбиелегендей, ешкімнің ала жібін аттатқызбай, өзінің
қара наны мен қара суын адал жолмен тапқанын, сонымен тәрбиелегім келеді. Соны
көрсеткім келеді, балаға.
Ақтолқын Солтанханқызы, жұбайы:
Ең жақсы барбер ретінде танылса да, әрдайым ізденісте. Шетелдегі барберлардың
жұмыстарын қарайды, үнемі бір жарыстарға барып, білім алмасып келгенді жақсы
көреді.
Қасым Амангелдин, шаштараз:
Барберлікте жюри болғанмын, Азияға өзімнің балаларымды алып келдім.
Қатыстырдым, барбер баттлдарға алып бардым. Шәкірттерім бір нәтиже
көрсеткендіктен, маған осындай құжат берілді. Осы құжаттың арқасында барбер
академиясын ашып, қазір Қазақстанда тек екі-ақ штугы бар, осындай барбершоп
академияның.
Нұрмұхаммед Жүсіпәлі, шаштараз:
Қасым негізі жақсы ұстаз, көп нәрсені үйрендік. Көптеген жарыстардың чемпионы
болған. Өзі жалғыз бүкіл нәрсені үлгереді. Барлық істі тек өзі істейді.
Қасым Амангелдин, шаштараз:
2024-ші жылы барбер батл болды, Қазақстанда. «Сертификат алсам болды, қатыссам
деген»сондай ниетпен барғанмын ғой. Бірінші орын алып кеттім. Одан кейін
Турцияда болды, Чемпионат Европа. 2-ші орын алдым, 2025-ші жылы. Азия
Чемпионатында бірінші орын алдым.
Равшан Райшимов, қала тұрғыны:
7 жылдан астам танимыз. Отбасымызбен келеміз, осы жаққа. ӨЗ жұмысын білетін адам,
тек өзі емес, командасы да күшті.
Қасым Амангелдин, шаштараз:
Көбісі ойлайды, мынау, бизнес ашу оңай, сразу байып кете саласың деп ше. Ішкі
кухняны ешкім біле бермейді. Мен осы жерде тек қана бербер емеспін, полын да
жуамын, еденін де тазалаймын, администратор да боламын. Көптеген енді
қиыншылықтарға төзе білу керек, енді бұндай үлкен, ауқымды бизнес ашқаннан
кейін. Оның бәрі оңай емес, табысқа жетудің құпясы мен ойлаймын, тәуекелге бел
буа біу керек, тұрақтылық керек, істеп жатқан ісіңнің хас шеберу болу керек деп
ойлаймын.