«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты
Жастар арасында
кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа жоба іске қосылды.
«Әділет» партиясының Жастар қанаты ұйымдастырған «Оқырман ұрпақ» бастамасына
еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласынан шамамен 1500 жас
қатысып отыр. Жоба қағидаты – «Бір ай – бір кітап – бір кездесу». Қатысушылар
ай сайын бір шығарманы оқып, кездесуде талқылайды. Бастама жастардың кітапқа
қызығушылығын арттырып, сыни ойлау мен пікір алмасу мәдениетін дамытуға
бағытталған. Жобаның алғашқы кездесулері Батыс Қазақстан және Түркістан
облыстарында өтті. Ұйымдастырушылар кітап талқылауымен қатар Quiz, пікірсайыс
және интеллектуалды ойындар өткізуді жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін тұрақты
оқырман қауымдастығын қалыптастыру және белсенді жастар арасынан модераторлар
мен спикерлер дайындау көзделген.
Еркебұлан Мадиярұлы, «Әділет
партиясы» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы:
Бұл оқырман клубының жұмысын алдағы уақытта түрлі форматта жалғастырғымыз
келеді. Тек дөңгелек үстелде бас қосып, кітап бойынша 2-3 сұрақ қойып, әркімнің
жауабын тыңдаумен шектелмей, куиздер, пікірсайыстар өткізуді жоспарлап отырмыз.
Қазіргі уақытта интеллектуалды ойындар үлкен тенденцияға айналып келе жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы