Басты Жаңалықтар Халық кеңесі қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысады

Халық кеңесі қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысады

Қазақстан Халық кеңесіне азаматтардың мәселесін көтеріп қана қоймай, оны шешімге дейін жеткізу міндеті жүктелді. Бұл орган – азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттарды байланыстыратын жаңа алаң. Оның құрамына мәслихаттар, үкіметтік емес ұйымдар және бұрынғы Ассамблея өкілдері кірді. Конституциялық мәртебе алған кеңеске заңнамалық бастамаларға қатысу құқығы да берілген. Бұл оған қоғамдық маңызы бар мәселелерді мемлекеттік деңгейде көтеруге мүмкіндік береді.
Наталья Дементьева, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі:
Кейде заңға өзгеріс қажет емес. Оның құқықтық қолдануын дұрыстау деген сөз. Халықтан мысалы сауал келеді. Осы сауалды біз сарапшылармен бірге талқылаймыз. Бір шешімге келеміз. Одан кейін құзырлы органдарды шақырып алдып олармен бірге пысықтаймыз. Одан кейін аймақтық деңгейде шешімге дейін жеткіземіз. Не болмаса, заңнамалық жұмысқа дейін бұны жеткіземіз.

Бөлісу