Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады
Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Жаңа құрылым өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтеді. Аймақтардағы маңызды мәселелерді анықтап, олардың шешімін ұсынады. Яғни, мәлихаттардың жұмысын үйлесітіріп отырады. Мысалы, бір өңірде тиімді тәжірибе болса, оны басқа аймақтарға да таратуға, үйретуге үлес қосады. Қажет болған жағдайда нақты мәселені талқылау үшін жұмыс топтары құрылады. Оларға Құрылтай және мәслихат депутаттарымен қатар сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатыса алады.
Әмірбек Оспанбеков, Құрылтай депутаты:
Оның құқықтық мәртебесі конституциялық кеңесші орган, констультативтік орган ретінде құрылады. Өңірдегі мәслихатта тәжірибелері бар депутаттарды сонда жұмылдырып бес бес өңірден бекітсек деп отырмыз. Депутаттар тұрақты түрде мәслихаттар бақылап отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы