Басты Жаңалықтар Су ресурстары және тұрғын үй саласында ірі жобалар жүзеге асады

Су ресурстары және тұрғын үй саласында ірі жобалар жүзеге асады

Қазақстанда халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп, су ресурстарын басқару, тұрғын үй құрылысы және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен жиында «Солтүстік Арал теңізі және ирригациялық жүйелерді жаңғырту» жобасы талқыланды. Дүниежүзілік банкпен іске асырылып жатқан жоба аясында 2030 жылға дейін Солтүстік Арал теңізінің аумағын 3,9 мың шаршы шақырымға дейін ұлғайтып, 1,4 мың киломерден астам су желісін жаңарту жоспарланған. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен 56 канал мен гидротехникалық нысан жөнделеді. Бұл ауыл шаруашылығы саласында су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жиында тұрғын үй тақырыбы да қозғалды. 2025 жылы елде 20 млн шаршы метрден астам баспана салынған. Ипотекалық қаржыландыруды жетілдіру көзделіп отыр. Үкімет басшысы аталған жобаларға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бөлісу