Басты Жаңалықтар «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

«Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Қызылордада «Анаға тағзым» атты үшінші республикалық форум өтіп жатыр. Диалог алаңында «цифрлық дәуірдегі тәрбие коды» тақырыбы кеңінен талқыланды. Бүгінде елімізде аналар институтын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Қазіргі заманауи технологиялар мен ғаламтор дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеуде ананың рөлі маңызды. Форумда ұлттық құндылықтарды заман талабына сай жаңғыртып, оны цифрлық ортаның мүмкіндіктерімен тиімді үйлестірудің тетіктері айтылды. Сыр өңіріндегі бас қосуда қозғалған әрбір мәселе мен ой-пікір жинақталып, мемлекеттік деңгейде көтерілетін болады. 

Назипа Шанаи, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі:

Бүгінгі балаға сәйкес болу және оның бұл өмірдегі ақ пен қараны ажыратуын түсіндіру оңай емес. Бүгінгі ана педагог, бүгінгі ана психолог, бүгінгі ана ІТ технологияларды білетін кибер қауіпсіздікке қарсы тұра алатын ана болуы керек.

Бөлісу