Жол үстінде 5 жасар қызына қауіп төндірген әке жауапқа тартылды
Талдықорғанда
5 жасар қызын көліктің төбесіндегі ашық терезеден сыртқа шығарып алып жүрген
әке жауапқа тартылды. Қауіпті жағдай жедел басқару орталығының камераларына
түсіп қалған. Кадрдан баланың денесі беліне дейін көліктен сыртқа шығып тұрғаны
байқалады. Полиция жүргізушіге қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік
хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Тәртіп сақшылары қыздың әкесімен
сөйлесіп, бала қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертті. Айта кетейік, жыл басынан
бері Жетісу облысында жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған жүргізушілерге
933 әкімшілік хаттама толтырылған.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Оқырман ұрпақ» кітап оқу қозғалысы құрылды
07.10.2026, 13:27
«Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр
07.10.2026, 13:21
Үкімет күштері хуситтерге қарсы әскери операцияны күшейтті
07.10.2026, 13:16
Британдық басылым Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалады
07.10.2026, 13:13
Алматы тау кластері 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді
07.10.2026, 13:10
Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,5 млрд текше метрге жетті
07.10.2026, 13:07
Тау беткейлері бекітіліп жатыр
07.10.2026, 13:06
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
07.10.2026, 13:02