Басты Жаңалықтар Тау беткейлері бекітіліп жатыр

Тау беткейлері бекітіліп жатыр

Алматының Медеу ауданында жердің опырылу қаупі бар 48 учаске анықталған. Оның 18-іне қажетті жұмыстар жүргізіліпті. Яғни, қауіп біршама сейілген. Бұл туралы брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин айтты.  Жауаптылардың сөзінше, қалған 30 аумақ мамандардың тұрақты бақылауында. Қазір қауіпті аймақтарда тау беткейлері бекітіліп жатыр. Ол үшін бетон қабырғалар орнатылып, топырақтың төмен қарай сырғып кетуінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бұл сақтық шаралары топырақтың бірден жылжу қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр.

Бөлісу