Басты Жаңалықтар Ерлан Қарин Джеки Чанмен халықаралық киножобаны талқылады

Ерлан Қарин Джеки Чанмен халықаралық киножобаны талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент Ерлан Қарин әлемге әйгілі актер әрі режиссер Джеки Чанмен және халықаралық киножобаның қазақстандық, шетелдік продюсерлерімен кездесті. Тараптар кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Ерлан Қарин ірі халықаралық фильмдердің Қазақстанда түсірілуі отандық киноиндустрияның дамуына, жергілікті мамандардың кәсіби тәжірибесін арттыруға және еліміздің халықаралық киноөндіріс үшін әлеуетті алаң ретінде танылуына ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ кездесуде кино саласындағы жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту мәселесіне назар аударылды. Вице-Президент Джеки Чанға Қазақстанға деген айрықша ықыласы үшін алғыс айтып, алдағы шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі. Айта кетейік, Джеки Чан қатысатын фильмнің түсірілімі шілде айында Маңғыстауда басталған.

Бөлісу