Қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүріп жатыр
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қақтығыс болып жатқан аймақтағы Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қазір министрліктің жедел желісіне азаматтардан өтініштер түсуде. Әрбір өтініш бойынша ақпарат тексеріліп, нақты тізім жасалады. Одан кейін бұл тізім Ресей тарапына жіберіледі. Әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған қазақстандықтарға қатысты да қажетті шаралар қабылданып жатыр. Министрлік өкілдері бұл мәселе бойынша Ресеймен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, қақтығыс аймағында жүрген азаматтар туралы ақпаратты туыстары министрліктің арнайы жедел желісіне хабарлай алады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04