Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді
Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді. Осыған орай Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитетінің алғашқы отырысы өтті. Онда Халық Кеңесі мүшелерін салалық комиссиялар құрамына бөлу мәселесі қаралды. Талқылау барысында Комитеттің 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды. Құжат алдағы кезеңдегі жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, сараптамалық кездесулер, кең ауқымды қоғамдық талқылаулар және кеңейтілген отырыстар өткізуді көздейді.
Ольга Спирина, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
Комитетке кірген комиссияларды бөлді. Жалпы, біздің комитетімізде 4 комиссия болатын болды. Мәдениет пен азаматтық бірегейлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірдім. Соның ішінде тіл мәселелсі де бар. Негізгі менің бағытым тіл мәселесі. Бізге айтты, қандай ұсыныс болса да, бізге айтыңдар. Барлығын талқылаймыз, қараймыз деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы