Кітап оқитын ұлттың ұтары көп
Кітап оқитын ұлттың ұтары көп. Әсіресе баланың ерте
жастан кітаппен дос болуы, оның ойлау қабілеті мен дүниетанымын қалыптастырады.
Мамандардың айтуынша, үйде кітаптың көп болуы баланың кейін өз еркімен кітап
оқуға қызығуына ықпал етеді. Бүгінде осы ұстанымды мақсат еткен 1 млн 300
мыңнан астам адам «Кітап оқып, 10 млн теңге ұтып ал!» марафонына
тіркелген. Қатысушылар алты айда 15 кітап оқып, пікірін білдіріп, тест пен
зияткерлік сайыстарға қатысады. Жалпы 345 шығарма іріктелген. Үздік 10
оқырманның әрқайсысына 10 млн теңгеден беріледі. Ал марапаттау Ұлттық кітап
күні – 23 сәуірде өтеді.
Ғазиза Құдайбергенқызы, ҚР Ұлттық кітапхана директоры:
Кітап оқуға қатысты ешқандай жобалар, түрлі осындай, жарыстар, марафондар, челлендж болсын, акция болсын, оның ешқайсысына сын айтып, тосқауыл қоюға болмайды. Одан қоғам да, адам да ешқандай пайда көрмесе оның зияны жоқ. Мынадай дүние айтқым келеді, әсіресе жас ата-аналарға. Жас сәбиіңіз болса, сіз осы бастан ең бірінші ауыз әдебиеті және төл әдебиетпен ауыздандыра беріңіз. Ол бала өскен кезде оны ұмытып қалуы да мүмкін, бірақ рухани өзегінде тұрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы