Кибербуллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу күшейтілді
Маңғыстауда кибербуллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға
арналған семинар өтті.
Аймақ кибербуллинг көрсеткіші бойынша республикада алғашқы бестікте тұр.
Сондықтан жастарға интернетте қысымға тап болған жағдайда қайда және кімге
жүгіну керек екені түсіндірілді. Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері де
көбейген. Прокуратура мәліметінше, былтыр 78 жағдай тіркелсе, биыл бұл
көрсеткіш 83-ке жеткен. Мамандар отбасын сақтауда ерлі-зайыптылардың
жауапкершілігі маңызды екенін айтады. Қиын жағдайға тап болған әйелдер отбасын
қолдау және дағдарыс орталықтарынан психологиялық әрі құқықтық көмек ала алады.
Әсел Балманова, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі
облыстық комиссия төрағасының орынбасары:
Әр ауданда отбасын қолдау орталықтары бар. Ол жерде психолог бар, заң қызметкері бар. Қандай шараларды қабылдауға болады отбасын сақтауға сол бойынша нақты ақпарат, кеңес бере алады. Облыс бойынша кризистік орталықтар бар. Ол жерде әйел азамат келіп, кез-келген уақытта тоқтай алады. Осы семинардың бағыты бойынша әйел азамат кез-келген уақытта қорғауда екенін сезіне білу үшін жасалынып отырған шара.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы