Медицина саласында ЖИ-ді дамыту мәселелері талқыланды
Деректерді қауіпсіз алмасу – денсаулық сақтаудағы ЖИ дамуының негізі. Биыл AI & Digital Bridge форум бағдарламасына алғаш рет Орталық Азиядағы денсаулық сақтау технологиялары бағыты енгізілген. Оны MedHub «Health AI Quality» коммерциялық емес ұйым ұйымдастырды. Басты мәселе - дәрігерлік құпияны сақтап, пациенттердің құқықтарын қорғай отырып, медициналық деректерді жасанды интеллектіні дамыту үшін пайдалану. Сонымен бірге бүгінге жиын қатысушыларына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус арнайы құттықтау жолдады.
Тедрос Гебрейесус, ДССҰ бас директоры:
Цифрлық траснформация - бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйелерінің дамуын айқындайтын негізгі мәселелердің бірі. Алайда цифрлық трансформация тек қосымшалар платформалар немесе құрылғылар ғана емес. Дұрыс әзірленіп, жауапкершілікпен енгізілген жағдайда цифрлық технология денсаулық сақтау саласын нығайта алады. Олар медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттырып, адамдарға өз денсаулығыг басқаурға көмектеседі.
Форумда халықаралық және қазақстандық сарапшылар деректердің сапасы мен
үйлесімділігін, оларға қол жеткізудің заңды негіздері тақырыбында пікір
алмасты. Алдағы уақытта медициналық деректерді
клиникалық зерттеулерде тиімді пайдалану, жасанды интеллектіні диагноз қою мен
емдеуге енгізу, ақпарат алмасудың қауіпсіз жүйесін қалыптастыру мәселелерін
талқыламақ.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚызылорда ұстаздары оқу бағдарламасына ЖИ енгізуге ынталы
02.10.2026, 17:30
Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр
02.10.2026, 17:24
Маңғыстауда онкология мен қант диабетінің көрсеткіші өскен
02.10.2026, 17:22
Ауылдарда медициналық мекемелер ашылып жатыр
02.10.2026, 17:20
Сарапшы: Конституциялық реформа елдің халықаралық беделін нығайтады
02.10.2026, 17:19
Ұлыбритания түрмелерінен 700-дей тұтқын ерте босатылды
02.10.2026, 17:17