Ақтөбе – Атырау – Ресей жолында апат азаймай тұр
Күре жолдағы қауіп күшейіп тұр. Ақтөбе – Атырау – Ресей бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолда жыл басынан бері 8 жол апаты болған. Ал былтыр осы жолда 30 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 адам көз жұмған. Әсіресе Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз бен Жантерек ауылдары маңында апат жиі болады. Негізгі себептердің бірі – жолға қараусыз шыққан мал.
Қызылқоға
облыстағы мал шаруашылығымен тұрақты айналысатын аудан. Ата кәсіп алға
басқанымен жолдағы апат азаймай тұр. Жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін тәртіп
сақшылары Мұқыр ауылының тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жүргізді. Апат
түнде болса малшы, күндіз болса жүргізушінің өзі жауап береді. Бірақ
жауапкершілік екі жаққа да ортақ болуы тиіс.
Приходиден Мұхамбетов, Мұқыр ауылынң тұрғыны:
Кеше тағы біреуін қағып кетті. Күндіз қағып кетті. Барып іздесек, ескі базарда, аяғы сынып кеткен. Мен айтамын, қасымда бала дейді толған, бәрі өліп қалса, не істейсің? Сонда неге қатты айдадың десем, жоқ қатты айдамадым дейді. Ал сотқа келгенде 90-мен өттім дейді ал.
Тәртіп
сақшылары жыл басынан бері иесіз жүрген малдарды анықтап, 108 хаттама толтырған. Күні-түні кезекшілікке тұрып, жол
қауіпсіздігін қадағалайды. Десе де жол белгісін елемей, қасақана заң бұзатындар да бар.
Қайырғали Тоқпаев, Мұқыр ауылының тұрғыны:
Ана жақта 60 деген тұр, мына жақта 60 деген тұр. Сол екі ортада ГАИ жоқ болса, қаншамен келе жатыр, мысалы, 100-бен зу ете түседі. Біз өзіміздің малымыз үшін жауап береміз ғой. Басқа білмеймін, жүргізуші жайлауы керек қой,белгі тұр.
Облыста
апаттың алдын-алу мақсатында «қауіпсіз жол» акциясы жүріп жатыр. Тәртіп
сақшылары қауіпті учаскелерде рейд ұйымдастырып, жүргізушілерге ескерту жасады.
Әсіресе елді мекендерге жақындаған тұста жылдамдықты төмендетіп, жол жиегіне
мұқият қарау қажеттігін айтты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жол қауіпсіздігіне қатысты ахуалға тәртіп сақшылары тұрақты бақылау жүргізіп келеді. Әсіресе Қызылқоға ауданы арқылы өтетін Ақтөбе – Астрахань бағытындағы республикалық тасжолда рейдтік шаралар күшейтілген. Биыл бұл жолда 8 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапқан, тағы 24 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш төмендегенімен, әрбір жол апаты сақтықты күшейту қажеттігін көрсетеді.
Руслан Байтенов, Қызылқоға
аудандық полиция бөлімінің бастығы:
Зерттедік, қазір анализ жасадық. Бізде 11 мен 2-нің аралығында болып тұр жол апаты. Сол уақытта патрульдерді күшейтіп, жұмыс атқарып келеміз. Жауапкершілік алдымен бірінші тұрғындарда болуы керек. Бақташы қоюы керек. Әкімдікке де ұсыныстар беріп жатырмыз, бақташы алуға, малды уақытында кіргізіп қамауға деген сияқты жолдағы қауіптің алдын алу – ортақ міндет.
Өңірдегі күре жолдарға макеттер мен арнайы
ескерту белгілері орнатылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл апаттың алдын
алуға оң ықпал еткен. Енді алдағы уақытта мал айып тұрағын ашу жоспарланып
отыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада үш ұрпақты тоғыстырған фестиваль өтті
01.10.2026, 17:50
Азиада: Жүлдегерлер елге оралды
01.10.2026, 17:33
Азиада: Дзюдо – 2 күміс, 1 қола
01.10.2026, 17:30
Бүгін – радио күні
01.10.2026, 17:25
Кітап оқу адамның интеллектуалдық әлеуетін арттырады
01.10.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
01.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында су тазартатын кешен салынады
01.10.2026, 17:17
Шымкенттегі опера және балет театрын салатын мердігер ауысты
01.10.2026, 17:15