Семейлік оқушылар мен мұғалімдердің жеке мәліметтері тарап кеткен
Семейлік оқушылар мен мұғалімдердің жеке мәліметтері интернетте тарап кеткен. Қаладағы 31 мектептің сайтынан төрт мыңнан аса адамның аты-жөні, телефон нөмірі, мекенжайы және ЖСН сынды деректері табылған. Яғни мыңдаған адамның жеке ақпараты мектеп сайттары арқылы көпшілікке қолжетімді болған. Прокуратура тексерісінен кейін мектептердің сайтынан 3 752 мұғалім мен қызметкердің және 344 оқушының деректері өшірілді. Ал оған жол берген мектеп директорлары айыппұл төлеп, жауапты қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.
Аманжол Рымбеков, Семей қаласы прокурорының орынбасары:
Мұндай мәліметтерді орналастыру жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуына және олардың заңсыз пайдаланылуына қауіп төндірген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз орналастырылған мәліметтер ашық қолжетімділіктен алынып тасталды, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада үш ұрпақты тоғыстырған фестиваль өтті
01.10.2026, 17:50
Азиада: Жүлдегерлер елге оралды
01.10.2026, 17:33
Азиада: Дзюдо – 2 күміс, 1 қола
01.10.2026, 17:30
Бүгін – радио күні
01.10.2026, 17:25
Кітап оқу адамның интеллектуалдық әлеуетін арттырады
01.10.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
01.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында су тазартатын кешен салынады
01.10.2026, 17:17
Шымкенттегі опера және балет театрын салатын мердігер ауысты
01.10.2026, 17:15