Басты Жаңалықтар Интернет-алаяқтық 40 пайызға азайды

Интернет-алаяқтық 40 пайызға азайды

Соңғы үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте айтты. Жәбірленушілердің 6 млрд теңгеден астам ақшасы қайтарылған. Тағы 5 жарым миллиард теңгеден астам қаржының шетелге аударылуына тосқауыл қойылды. 170 миллиондай жалған қоңырау бұғатталды. Соның арқасында әккілердің онлайн алдап-арбауы биыл да 13 пайыз азайған. Дәлірек айтқанда, былтыр 16 мың қылмыс тіркелсе, биыл оның саны 14 мыңға дейін төмендеді.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ орынбасары:

Қазіргі таңда банк реквизиттерін сыйақы үшін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұның алдында Украинадағы әріптестермен қызмет атқарып, 20-дан астам бір андай кол орталықтарды тауып, қазіргі таңда 18 адам қамауда Украинада.


Бөлісу