Маңғыстаулық студенттер Германияда тәжірибеден өтеді
Маңғыстауда жасыл энергетика мен логистика саласына мамандар даярланып жатыр.
Ақтаудағы қазақ-неміс тұрақты инженерия институтында қазір 163 студент білім алуда. Мұнда неміс инженерлік білім беру стандартына негізделген 6 бакалавриат пен екі магистратура бағдарламасы бар. Студенттер жаңартылатын энергия көздері, жасыл сутегі, цифрлық модельдеу, көлік-логистика жүйелері және халықаралық тасымал сияқты бағыттарды меңгереді. Оқу бағдарламасының ерекшелігі – білім алушылардың Германияда тәжірибеден өтуіне мүмкіндік беріледі.
Тоғжан Тоқтарбек, студент:
Біздің институт көптеген мүмкіндікке жол ашады. Екі жыл Ақтауда, үшінші курсты Алматыда оқимыз. Ал төртінші курста Германияда білім алып, қос диплом алу мүмкіндігі бар. Қазір «Computer Science» мамандығында білім алып жатырмын.
Кубраханим Хаджиева, оқытушы:
Технологиялық инженерия мамандығын меңгерген жастардың жасыл сутегі жобаларына үлес қосатынына сенеміз. Студенттер пәндерді қазақ, орыс және неміс тілдерінде оқиды. Сонымен қатар ағылшын тілін академиялық және кәсіби коммуникация үшін меңгереді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03