Елімізде орта бизнес үлесін 15%-ға жеткізу жоспарланып отыр
Қазақстанда кәсіп бастау тәртібі жеңілдеп, салық жүйесі өзгерді. Биыл арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке қысқарды. Жалғыз өзі жұмыс істейтін азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ, заңды түрде табыс табуға мүмкіндік берілді. Әкімшілік жүктеме біршама азайды. Бірақ сол шағын кәсіп әрі қарай орта бизнеске ұласып, қарқын ала алмай тұр. Қазір елдегі бұл саланың ЖІӨ-дегі үлесі 40,9 пайыз болса, орта кәсіпке соның тек 7,2 пайызы тиесілі. Не кедергі? Мәдина Нағашыбай саралап көрді.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Қазақстанда кез келген азамат жеке кәсіп ашамын десе, өтінішті eGov Business, E-Salyq Business, электрондық лицензиялау порталы немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Ал қызметкер жалдамайтын азаматтар жеке кәсіп ашпай-ақ жұмыс істей алады. Жеке табыс салығы - 0 пайыз, ал табыстың 4 пайызы әлеуметтік төлемдерге жұмсалады. Тек айлық табыс шегі 1,3 млн теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ мемлекет несиені субсидиялайды, кепілдік береді. Яғни елімізде кәсіп ашудың жолы жеңіл әрі қолдау бар.
Алайда неге шағын кәсіп әрі қарай орта бизнеске көшпейді?
2026 жылдың басында Қазақстанда 2,3 млн шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 2,1 миллионы жұмыс істейді. Бірақ орта кәсіпорындардың саны небәрі 3 153.
Сарапшылардың пікірінше, негізгі себеп мыналар:
Біріншіден, қаржы тапшылығы. Бизнесті ашуға жеткен қаражат оны ұлғайтуға жеткіліксіз.
Келесі өткізу нарығының тарлығы. Шағын кәсіптің ірі корпоративтік тапсырысқа, мемлекеттік сатып алуға немесе экспорт нарығына шығуы қиын.
Менеджмент мәселесі. Компания ұлғайған сайын кәсіби қаржы, маркетинг, HR және логистика жүйесі қажет.
Реттеу ауыртпалығы тағы бар. Бизнес кеңейген сайын салық көбейіп, әкімшілік талаптар да қатаңдайды.
Сондықтан мемлекет орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін қазіргі 7,2 пайыздан 2030 жылға қарай 15 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін мемлекет кәсіпкерлердің қаржыға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтіп, қолдау тетіктерін жаңартпақ. Сондай-ақ бизнесті субсидияға тәуелді етпей, біртіндеп нарықтан өз бетінше қаржы тартуға жағдай жасауды көздеп отыр.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05