Басты Жаңалықтар Әскерге қатысты жалған ақпарат қайта тарады

Әскерге қатысты жалған ақпарат қайта тарады

Әлеуметтік желілерде Қарулы күштерге қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтер қайта таралып жатыр.  

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, Threads платформасында «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған кадрлар шынайы оқиға ретінде жарияланған.

Бейнематериалдарға эмоционалды пікірлер мен арандатушылық сипаттағы үндеулер қоса беріліп, бұл қоғам арасында жаңсақ пікір қалыптастыруы мүмкін. Орталық азаматтарды ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығын тексеруге шақырады. Сондай-ақ жалған ақпаратты таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Бөлісу