Құтқарушылар екі сарбаздың денесін судан шығарды
Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде суға кеткен екі сарбаздың денесі судан шығарылды. Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 300-ге жуық әскери қызметші, 40 шақты сүңгуір, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылған болатын. Жедел штабтың құрамында Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері жұмыс істеді. Қайғылы оқиға кеше оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында болды. Ауа райының қолайсыздығы, екпінді желдің салдары 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды. Өкінішке қарай, 14 әскери қызметші қаза тапты. Ал Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға түскен 1 әскери қызметшінің жағдайы тұрақты, терапия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы