Басты Жаңалықтар Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі

Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі

Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Қазір екі ел сауда-саттықпен  қатар, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және жаңа технологиялар бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріп отыр. Осы мәселелер 25 қыркүйекте өтетін форумда да талқыланады. Қытай  Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары екі ел арасындағы әріптестік бірлескен технологиялық жобаларға ұласты. Қазір Қазақстанда қытайлық серіктестердің қатысуымен шамамен 11 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Форумда бизнес өкілдері, инвесторлар, мемлекеттік органдар мен қаржы институттары бас қосады. Тараптар өнеркәсіп, логистика, агроөнеркәсіп және технология салаларындағы ынтымақтастықты талқылап, жаңа серіктестер мен нақты инвестициялық жобаларды анықтауды көздейді.

Сұлтанғали Кенжеқұлов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Осы форматта форум бірінші рет өткізілуде. 300 ден астам қытайлық тұлғалар қатысады бизнесмендер. Қазақстан тарапынан 200 ден астам бизнесмендер де қатысады. Бұл үлкен компаниялар біріншіден ол қазақстанда бүгінгі күні жобалары бар компаниялар. Екіншіден ол жаңадан келген компаниялар. Біз оларға арнайы үлкен бір алаң бизнес алаңын ұйымдастырамыз.


Бөлісу