Ақтауда балықтан уланған баланың жағдайы ауыр
Ақтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың жағдайы ауыр.
Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі ботулизм диагнозын қойған. Бала ауруханаға
ес-түссіз жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ботулизмге
қарсы сарысу да енгізілген. Дәрігерлердің айтуынша, бала 18 қыркүйек күні
ата-анасымен қонақта болған. Сол жерде үй жағдайында ысталған, консервіленген
балық жеген. Келесі күні Мұнайлы аудандық ауруханасына , кейін облыстық балалар
ауруханасына жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, Астанадан
республикалық орталықтан реаниматолог және инфекционист мамандары шақыртылды.
Еске салайық, 19-кыркүйек күні Басқұдық ауылында ысталған балық жеп уланған үш
ересек пен кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылған болатын. Қалған
науқастардың да жағдайы ауыр.
Әлия Ешімова, Маңғыстау облыстық
көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:
Біз күнделікті бала келіп жатқаннан бастап, денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инвекционисті, бас реанимотолігімен күнделікті телемедицина жүргізіп отырмыз. Бәрін алып жатыр, инфузиялық терепия, симптоматикалық терапиясын, бала жасанды аппаратта демалуда. Санасы жоқ баланың. Бұл батулизм ауруы-шұғыл көмекті талап ететін ауру, өте қауіпті ауру болып есептелінеді. кеш келді иә ол уақыт талап етеді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19