Қолма-қол ақшасыз төлем: Қазақстан АҚШ-ты қуып жетті
Қазір ел азаматтарының 88 пайызы қолма-қол ақшасыз есеп айырсады. Көбі QR арқылы төлегенді жөн көреді. Мұны Fintech in Kazakhstan зерттеу орталығы жариялады. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, елімізде қолма-қол төлемнің үлесі - 12 пайыз. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан тіпті АҚШ пен Ұлыбританияға жақындап қалған.
Ал ірі төлемдер көбіне интернет және мобильді банкинг арқылы жасалады. Шамамен 80 пайыз. Күнделікті дүкенде шағын сауда жасағандар QR арқылы төлеуді әдетке айналдырғалы қашан. Мәселен, 5 айдың ішінде QR арқылы жасалған төлемнің көлемі – 17 миллиард долларға, яғни шамамен 8 триллион теңгеге жеткен. Осылайша, QR төлемдер екінші жыл қатарынан POS-терминалдар арқылы жасалған төлемдерден асып отыр.
Бір QR төлемінің орташа сомасы - 10 доллар, ал интернет және мобильді банкингтегі орташа операция - 41 доллардың шамасында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы