Азиада: Боксшылар Жапонияға аттанды
Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ерлер құрамының тізімін жариялады. Сары құрлық додасына былғары қолғап шеберлері 6 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасады. 55 келіге дейінгі салмақта - Махмұд Сабырхан, 60 келіде Оразбек Асылқұлов, 70 келіде - Төрехан Сабырхан, 80 келіде - Сабыржан Аққалықов, 90 келіде - Нұрбек Оралбай және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай шаршы алаңға шықады. Қазір Ұлттық құрама өкілдері Жапонияға аттанды. Олар Азиада басталғанша оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Абзал Құдасов, бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
Негізі өз болжамым бойынша 2 алтын әкелу керек. Қалғандарпы жүлдемен оралу керек, ұлдар да қыздар да. Қыздардан 1 алтын деп үміттенемін. Өзбекстан боксшылары қазір дамып кетті. Соларды басты қарсылас деп отырмыз. Одан басқа жергілікті жапондар да өздерінің жерінде болғаннан кейін олар да өздерінің боксышарына сенеді деп ойлаймын. Индия құрамасы қазр жақсы деңгейде.Тайланд елі деген сияқты, Филлипин деген сияқты әр елдің өз мықтылары бар.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04
Жаңа стадион, автовокзал мен теміржол вокзалы салынып жатыр
24.11.2026, 20:04