Сочи Олимпиадасына қатысқан бірінші спортшы – британдық Билли Морган - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасына қатысқан бірінші спортшы – британдық Билли Морган

06.02.2014
Сочиде өтіп жатқан ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі аяқталды. Алғаш болып «Роза Хутор» экстрим-саябағында слоупстайлдан сноубордшылар сынға түсті.
 
Сочи Олимпиадасына қатысқан бірінші спортшы – британдық Билли Морган болды. Ол іріктеу кезеңінде 6-шы нәтижені көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл бәсекеде ең жоғары нәтижені норвегиялық Сталле Сандбек (суретте) көрсетті. Екінші және үшінші орында – фин Пеэту Пииройнен мен канадалық Себастьен Тутан.
 
Слоупстайл бәсекесінде жартылай финал және финалдық бәсекелер 8 ақпан күні өтеді.

Хабарламаларға жазылу