Басты Жаңалықтар «Әділет» партиясы депутаттардың тізімін жариялады

«Әділет» партиясы депутаттардың тізімін жариялады

Құрылтай депутаттарының сайлауында жеңіске жетіп, ең көп мандатқа ие болған «Әділет» партиясы депутаттарының тізімін жариялады. Құжат Орталық сайлау комиссиясына жолданған. Дауыс беру нәтижесі бойынша саяси ұйымға 110 депутаттық мандат бұйырған еді. Депутаттардың 37-сі әйел, 13-і жас, 2-еуі ерекше қажеттіліктері бар адам. Сонымен бірге 21 депутат өзге ұлт өкілі. Саяси ұйым мүшелерінің орташа жасы – 46,7. Олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың 4 экс-депутаты бар. Сонымен қатар, 10 адам Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 4-і Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, 5-і Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. Тағы 26 адам бұрынғы мәслихат депутаты.


Бөлісу