Басты Жаңалықтар Президент: Құрылтай сайлауы жастардың саясатқа келуіне жол ашты

Президент: Құрылтай сайлауы жастардың саясатқа келуіне жол ашты

Елімізде алғаш рет өткен Құрылтай депутаттарының сайлауы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тамыз конференциясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы саяси науқанның өту барысына осындай баға берді. Президент Орталық сайлау комиссиясының жұмысында жоғары бағалап, жасанды интеллект технологияларын пайдалану сайлау сапасын едәуір арттырғанын жеткізді. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың идеологиялық тұрғыдан дайындығы мен қоғамның жоғары белсенділігіне де назар аударды. Жалпыұлттық ашық пікірсайыстар мен ақпараттық кеңістіктегі еркін пікір алмасу электораттың саяси тұрғыдан кемелденіп келе жатқанын көрсетті, деді. Президенттің айтуынша, сайлау жаңа буын өкілдерінің саясатқа келуіне жол ашты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жалпы Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Партиялар ұсынған тізімге тәжірибесі мол түрлі мамандық иелерімен қатар, саясатқа жаңадан келген азаматтар да енді. Бұлардың қатарында қабілетті жастар солардың ішінде президенттің кадрлық резервінің мүшелері бар. Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде бұл қалыпты яғни эволюциялық үдеріс.  


Бөлісу