Құрылтай сайлауы: Дауыс берудің алдын ала нәтижесі жарияланды
Орталық сайлау комиссиясы ел тарихында тұңғыш рет өткен
Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Саяси науқанда 9 миллион 351
мыңнан аса адам таңдау жасады. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың
74,08%-ы. Халық таңдауы мынадай: «Әділет» партиясын жақтап дауыс бергендер
үлесі 71,17%. «Ауыл» партиясын
сайлаушылардың 6,26%-і қолдаған. Электораттың 5,56%-і «Республика» партиясын,
5,21%-ін «Ақ
жол» Қазақстанның
Демократиялық партиясын, 5,11%-і Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын
таңдаған. Сонымен бірге Қазақстан халық партиясына 3,11%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар
партиясына 1,07% адам дауыс берген. «Бәріне қарсымын»
бағанын азаматтардың 2,51%-і белгілеген.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров түпкілікті қорытынды
алдағы 9 күннің ішінде жарияланатынын жеткізді.
Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:
Құрметті қазақстандықтар, осылайша бүгін біз Құрылтай депуттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жарияладық. Сайлау процесінің барлық кезеңдерінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың сайлау құқықтарын толық жүзеге асыруына қажетті жағдай жасауға баса мән берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы