Үкімет гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті
Үкімет басшысы 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітіп, тиісті қаулыға қол қойды.
Бұл – Президенттің электр энергетикасы саласын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Жоспар елдің электр қуатын арттырып қана қоймай, Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін стратегиялық құжат болмақ.
Мақсат – ағынды судың күшімен жұмыс істейтін стансаларды көбейту. Нәтижесінде 2030 жылдың соңына дейін елде судан электр өндіретін жаңа стансалар іске қосылып, қуаты 500 мегаватқа артады, дейді Энергетика министрлігі.
Жаңа нысандарды салу кезінде су көлемі, табиғатқа зиян келтірмеу, техникалық мүмкіндіктер және инвесторлардың қажеттілігі толық ескерілген. Сонымен қатар барлық дерек жинақталатын арнайы цифрлық платформаны іске қосу көзделген.
Санжар Жаркешов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Елдің су балансына талдау жүргізу және гидроэнергетикалық әлеуетке кешенді бағалау, перспективалы жобалар пулын қалыптастыру, цифрлық платформаны құру арқылы саланы дамытудың бас жоспарын әзірлеу, оларды іске асыру, орналастыру үшін учаскелерді дайындау, сондай-ақ саланың кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы