Басты Жаңалықтар IT бағдарламалар экспорты 1,140 млрд доллардан асты

IT бағдарламалар экспорты 1,140 млрд доллардан асты

Қазақстандық IT бағдарламалардың экспорты 1 миллиард 140 миллион доллардан асты. Яғни, 2019 жылмен салыстырғанда 38 есе көп. Біздің eGov жүйесінің үлгісін Тәжікстан сатып алған. Бірегей цифрлық жүйе Африка елдері Сьерра-Леоне және Тогоға да саудаланды. Бүгінде еліміз электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында. Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызынан астамы онлайн форматта көрсетіледі. Тұрғындар бір жылда оларды 51 миллион мәрте пайдаланған. Былтыр тамыз айында eGov Mobile қосымшасында AI интеллектуалды іздеу жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар eGov.kz порталы арқылы 25 миллионан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, eGov Business сервисі 4,5 млн сұранысты өңдеген.

Жолдас Саханов, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің комитет төрағасы:

Астана хаб қатысушыларының экспорты 2025 жылдың қортыныдысы бойынша 634 миллион АҚШ долларына жетті. 537 компания шетелдік нарықтарға өнімдерін шығарып жатыр. Ал экожүйеде 32 мыңнан астам жұмыс орны құралды.

Бөлісу