Басты Жаңалықтар Қала тыныштығын бұзатын көліктерді енді камералар анықтайды

Қала тыныштығын бұзатын көліктерді енді камералар анықтайды

Елде тыныштықты бұзатын көліктерді анықтайтын камералар орнатылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі айтты. Жыл басынан бері 22 мыңнан астам жүргізуші музыканы қатты қойып, тәртіп бұзған. Оларды полиция қызметкерлері анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді мұндай әрекетті жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін камералар түсіріп алады. Министрліктің айтуынша, бұл жүйе қазір АҚШ, Германия, Францияда қолданылып жатыр.

Бөлісу