9 стример жауапқа тартылды
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды. Олар лайк, қаралым мен донат жинау үшін балағат сөз айтып, қауіпті пранк ұйымдастырған. Сондай-ақ әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен кейбіріне айыппұл салынса, енді бірі әкімшілік қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің өкілі хайп қуып, танымалдыққа ие болғысы келгендердің жазадан құтылмайтынын ескертеді. Мұндай жағдайда тіпті лақап ат та құтқара алмайды. Полицейлер міндетті түрде заң бұзған адамның кім екенін анықтап, жауапқа тартады. Жауаптылардың айтуынша, әлеуметтік желідегі құқық бұзушылық туралы көбіне тұрғындардың өзі хабарлайды. Мұндай әрбір арыз жіті тексеріледі.
Шыңғыс Алекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
Анонимді аккаунттың немесе телефон экранының ар жағында жасырынып қаламын деп ойламаңыздар. Ішкі істер министрлігінде кез келген құқық бұзушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдар бар. Осындай әрбір құқық бұзушылық анықталады. Әрбір құқық бұзушы заңға сәйкес жауапқа тартылады. Алдағы уақытта да құқық бұзушылардың есімдерін тек алдын алу және профилактикалық мақсатта жариялап, көрсететін боламыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06
Бірнеше қалада коменданттық сағат жариялады
20.10.2026, 10:04
IT бағдарламалар экспорты 1,140 млрд доллардан асты
20.10.2026, 10:03
Қала тыныштығын бұзатын көліктерді енді камералар анықтайды
20.10.2026, 10:02