Ел жаңалықтрына шолу
Астана аспанынанда электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси сынақтан өтті. Заманауи әуе көлігі қашан пайдалануға беріледі? Қазақстан адам дамуының индексі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы топтамада.
Аэротакси сынақтан өтті
Астанада алғаш рет электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси сынақтан өтті. Қала ішінде әуе тасымалын дамытуға бағытталған жоба «Болашақ ойындары» аясында таныстырылды. Әуекөлігі бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған. Жылдамдығы сағатына 200 шақырымға дейін жетеді. Аппарат 13 электр қозғалтқышымен жабдықталған. Тікұшақпен салыстырғанда дыбысы әлдеқайда бәсең, әрі атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайды. Жауаптылардың айтуынша, тұрғындар аэротакисимен 2028-2029 жылдары ұша алады.
Қазақстан адам дамуының индексі бойынша ТМД елдері арасында І орында тұр
Қазақстан адам дамуының индексі бойынша ТМД бірінші орынға шықты. Ал әлем бойынша 193 мемлекеттің ішінен 60-орынға тұрақтады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл көрсеткішті халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы, білім сапасы және халықтың табысы сияқты негізгі белгілерге қарап есептеген. Зерттеу бойынша, елімізде тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жастан асады. Сонымен қатар, халықтың табысы мен білім алу мүмкіндігі де көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Бір аптада бірқатар азық-түлік арзандады
Ел ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік түрі арзандаған. Ұлттық статистика бюросы өкілдерінің ақпаратынша, бағасы төмендеген өнімдердің арасында қияр - 4,3%-ға арзандапты. Сонымен бірге, көкеніс пен дәнді-дақылдың бірнеше түрінің құны 1,5 пайыздан 0,3 пайызға дейін түскен.
«Алтын доп» иегері күзде анықталады
«Алтын доп» иегері күзде белгілі болады. Футболдағы ең беделді марапат биыл бірінші рет Лондонда табысталмақ. Goal порталының соңғы жаңартылған рейтингі бойынша үміткерлердің көшін Ангия құрамасының капитаны, «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр. Екінші орында - Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль тұрса, үздік үштікті - Аргентина құрамасының капитаны, «Интер» Майами шабуылшысы Лионель Месси түйіндейді. «Алтын допқа» үміттілердің қатарында Килиан Мбаппе мен марапаттың былтырғы иесі - Усман Дембеле де бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы